ШҚО-ға есірткі қойып кету үшін басқа қаладан келген сегіз адам ұсталды

535
көрілім

Қыркүйек айының 1-15 қыркүйек аралығында өңір тәртіп сақшылары прокуратураның үйлестіруімен есірткі қылмысына қарсы іс-қимылға бағытталған жедел-іздестіру шараларының кешенін өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Нәтижесінде тәртіп сақшыларының назарына басқа қалалардан келген бірқатар азаматтар ілікті. Кейінрек анықталғандай, олардың синтетикалық ұнтақты тарату арнасын құру үшін облыс орталығына арнайы келгендері белгілі болды. Олардың барлығы назарға ілікпеу үшін тек түнгі уақытта жұмыс істеген. Олар республикадан тыс жерде орналасқан интернет-дүкеннің бірінің әкімшісі нұсқауларын нақты орындап отырған. Алайда өздерінің қылмыстық әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершіліктен жалтара алмады.
Жарты айдан аз уақыт ішінде полиция қызметкерлері олардың әрқайсысына қолға түсіруге негіз болған қажетті дәлелдемелер базасын жинады. Қаскөйлерді ұстау операциясы жалға алған пәтерлер мен олар есірткіні қойып кету барысында да жүргізілді.
Олардың ішінде Павлодар, Қостанай және Ақтөбе облыстарының тұрғындары болған барлық 8 наркокурьерден, синтетикалық есірткінің бір мың дозаға тең аса ірі салмағы тәркіленді. Ұсталғандардың арасында колледждердің бірінің оқушысы, кәмелетке толмаған бала да болған. Қалғандарының жасы 23-тен 30 жасқа дейін.
- Сот санкциясымен ұсталғандардың барлығы қамауға алынды. Олардың әрекеттері ҚР ҚК-нің 296, 297-баптары бойынша сараланады, тиісінше олардың санкциялары 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, - деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.