ШҚО-лық жігіт бір күнде екі көлікті айдап кеткен

333
көрілім

Тәртіп сақшылары 28 жастағы өскемендікті заңбұзушылық әрекеті үшін қамауға алды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

– Қала тұрғыны шағымданып, белгісіз біреудің көлігіне зақым келтіргенін айтқан. Полиция қызметкерлері күдіктіні жедел анықтап, қолға түсірді. Ол бұрын да ұқсас қылмыстармен сотталған, – деді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Тергеу барысында оның бір күнде екі көлікті айдап кеткені мен басқа төрт қылмысқа қатысы белгілі болды.

Заңбұзушы қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.