ШҚО-ның Аягөз ауданына қарасты Бозай ауылының тұрғындары өздеріне уфолог маман жіберуді талап етуде

1705
көрілім
Фотосурет novini.bg.
Аягөз ауданына қарасты Бозай ауылының тұрғындары елді-мекенге тез арада уфолог маман жіберуді талап етуде, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты КТК арнасына сілтеме жасап.

Бұған себеп, тұрғындар ауылдан 12 шақырым қашықтықта санаға сыймайтын түсініксіз нәрсені байқаған. Олардың айтуынша, жазық даладағы жер бетіне белгісіз біреулер алып ромб жасап, жылжытқан тәрізді. Ауылдықтар жақын маңда ауыр техниканың іздері байқалмағанын алға тартады. Алып ромбты өлшеген олар оның бір метрге жылжығанын айтады.

«Сондай-ақ, аталған ромб өте ірі: ұзындығы — 12 метр, ені — 4,5 метр. Кейбір куәгерлер бұл пішіннің пайда болуы мен оның орнынан жылжуын адам емес өзге ғаламшарлықтардың жасауы мүмкіндігін алға тартып отыр. Ал жергілікті өлкетанушылар болса көпшіліктің бұл маңда 28 жыл бұрын өзге ғаламшарлықтардың ұшатын аппараттарын көргендерін айтады», — деп хабарлайды телеарна.

Алайда, жергілікті шенеуніктер бұған күмәнмен қарайды. Олар ауыл тұрғындарын жер қыртысында орын алған сейсмикалық белсенділік салдарының қорқытуы мүмкін екенін айтады.