ШҚО-ның қай аудандарында су басу қаупі жоғары?

399
көрілім
Фото 24.kz сайтынан

Өскеменде өткен жиында жауапты тұлғалар су тасқыны болу қаупі бар аудандарға тоқталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Елдос Чикенов тасқын қатері облыстың көптеген аудандарында бар екендігін жеткізе келе солардың бірнешеуін атап өтті.

- Әрине, барлық ауданда қар айтарлықтай қалың жауған. Бір ерекшелігі, облысымыз таулы аймақта орналасқан. Дәлірек айтқанда Глубокое, Бородулиха, Шемонаиха және Алтай аудандарында су басу қаупі жоғары. Алтай ауданында қасат қар сәуір айының соңына қарай ериді деп топшылап отырмыз, - дейді ол.

Жауапты тұлға биыл қыс ерекше қатал болғанына қарамастан су басу қаупі бар деп үрейленбеуге шақырды. Одан бөлек, қазір Ертіс өзеніндегі мұзы қалың жерлерде жару жұмыстарын жүргізуге 150 млн теңге қаржы бөлінгенін айта кеткен жөн.

Нұрбек АСҚАРОВ