ШҚО-ның кейбір мектептерінде сабақ тоқтатылды

283
көрілім

ШҚО-ның кейбір қалалары мен аудандарында қатты желге байланысты сабақтар уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

ШҚО ТЖД мәліметінше, Семей қаласында 1-9 сыныптарда, Шемонаиха ауданында – 1-11 сынып, Абай ауданында 1-11 сыныптарда және колледждің 1-2 курс студенттері үшін сабақ тоқтатылды. Бұл аймақтарда желдің жылдамдығы секундына 24 метрге жетеді.

Естеріңізге сала кетейік, 18 қаңтар күні қалың қар жауып, боран соғуы мүмкін. Қазірдің өзінде қала сыртындағы жолдар бұрқасындатып тұр.