ШҚО-ның Қызыл ту өткелінде өзгеріс орын алды

793
көрілім

Күршім ауданы әкімдігінің хабарлауынша, өзгерістер Бұқтырма су қоймасында мұздың қалыңдыуына байланысты орын алды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- Мұз жамылғысының қалыңдауына байланысты «Светлов» баржасы 25 қарашада жұмысын тоқтатты, - деп хабарлады әкімдіктен. - «Күршім» паромы навигация аяқталғанға дейін жұмыс жасайды.

Навигация уақытының аяқталуы қосымша хабарланатын болады.

«Күршім» өткелінің қысқы жұмыс жасау кестесі:

  • Күршім бағытынан шығу уақыты: 7.00; 9.00; 11.00; 13.00; 15.00; 17.00; 19.00.

  • Самар бағытынан жүру уақыты: 8.00; 10.00; 12.00; 14.00; 16.00; 18.00; 20.00.