ШҚО-ның таулы аймақтарында қарлы жауын күтілуде

358
көрілім
Шартты сурет

18 тамызда Риддер таулы аймағында алғашқы қар жауғанын еске саламыз, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі

Куәгер редакцияға спорт базасының маңындағы алғашқы қардың суретімен бөліскен.
— Бұл жерде таңқаларлық ештеңе жоқ, бұл біздің суық климаттың жыл сайынғы көрінісі. Алғашқы қардың қабаты шамамен бес сантиметрді құрайды, бірақ көп ұзамай еріп кетіп жатады. Ал қыркүйек айының соңына қарай тұрақты қар жамылғысы қалыптасып, шаңғы тебуге кірісетіндер көп, - дейді шаңғы жарысы бойынша ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Александр Исаченко.
«Қазгидромет»  баспасөз қызметі де Риддер қаласы мен оның маңайына жаздың аяғында қар жаууы қалыпты құбылыс екенін атап өтті.
– Риддер биік таулы аймаққа жатады - деп қосты баспасөз қызметі. Алдағы күндерге арналған болжамға сәйкес, облыстың таулы аймақтарында және осы Риддер, Катонқарағай ауданында қарлы бұрқасын жауын-шашын жауады деп күтілуде