ШҚТУ-да білім ордасының "ашықтығын" көрсету бағытында БАҚ-пен байланыс күшейтілген

609
көрілім

Бұл туралы білім ордасының басшысы Жасұлан Шаймарданов мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, 2020 жылы ұйымдастыру-құқықтық формасын өзгерткен. Құжаттардың біршамасы өзгерді. Мұндайда жалғыз әрі бірегей акционер есебінде ҚР Білім және ғылым министрлігі бір шешімге келген. Содан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық стандарт та міндетін мүлтіксіз атқарып келеді.

- Қазір жұмыс істеудегі ашықтық пен ақпаратқа қолжетімділік қарқынды белең алған. Оның бір көрінісі, 2-3 айда атқарылған жұмыс пен өзгерістер жайлы қоғамға есеп беру. Айталық, былтырғымен салыстырғанда биыл БАҚ беттерінде жарық көрген материалдар 2,5 есеге артты. Тек ғылыми бағытта 146 мақала жарияланды, - деген ректор "Еститін мемлекет" бағдарламасының ойдағыдай іске асырылып келе жатқандығын атап өтті.