ШҚТУ-да оқытушылардың жалақысы 82%-ға өскен

967
көрілім

Бұл туралы аталған білім ордасында өткен жиын айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жалпы, мұндай жайт білім ошағының қаржылық тұрақтылығының сенімді көрінісі болса керек. Оқытушылардан тыс, қосымша білім беру бойынша да тиісті еңбекақылар қарастырылған.

- Университеттерде жалақының 200 мың теңге көлемінде болуы аса бір жоғары ақша болып саналмауы мүмкін. Дей тұрғанмен сапалы кадрлар даярлауда бұл да қолдау. Айталық, 2018 жылы оқытушылардың жалақысы (оклад) - 71 мың, 2019 жылы - 96 мың, 2020 жылы - 104 мың, ал биылдан бірден 200 мың теңгеге күрт өсті. Ал профессорлардыкі 350 мың теңгені көрсетті. Пайызға шақсақ, 82%-ға артты деген сөз, - деді университет ректоры Жасұлан Шаймарданов.