ШҚТУ-да «Summeр camp Парасат» жазғы лагері өз жұмысын бастады

969
көрілім

Өскемендегі Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ «Summer Camp Парасат» жазғы лагерінің ашылуын атап өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Салтанатты шараның ашылуында Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың Басқарма төрағасы-ректорының міндетін атқарушы Сауле Рахметуллина сөз алып, студенттер қауымының күнделікті өмірдегі парасаттылық, мәдениет, адалдық пен адамгершілік ілімін де назарынан тастамауға тиісті екендіктерін атап өтті.


 – Себебі, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы. Бүгінгі парасаттылық лагері университетіміздің әрбір студентіне адамгершіліктің басты құндылықтарын шыңдауға мол септігін тигізеді деп сенемін, – деді ол.
Парасаттылық лагерінің ашылуы сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын қалыптастыру мақсатында  өткізіліп отыр.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті превенция басқармасының басшысы Архат Бейсембаев құттықтау сөзінде университет қабылдап отырған келелі шараларға оң бағасын беріп, аталған бағыттағы әріптестікте әрдайым өзара қолдайтынын, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ бұл бағытта бетке ұстар жоғарғы оқу орны екенін атап өтті.


Құттықтаулардан соң студенттер «Саналы ұрпақ» еріктілер клубына қабылдана отырып, ант қабылдады. «Біздің таңдауымыз- парасыз болашақ» атты флэшмоб, «Жаңа Қазақстанға бір қадам» атты марафон ұйымдастырылып, шара соңында студенттерге «Коррупция портреті» тақырыбында тренинг өтті.