ШҚТУ-да «Жасыл университет» Халықаралық семинары өтті

650
көрілім

Бүгін Ғылым апталығы аясында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да "Жасыл университет" халықаралық онлайн семинары өтті.

Қазіргі әлемде Қазақстан өзінің көптеген сын-тегеуріндерімен, барлық өзге елдер сияқты, өз азаматтарының қолайлы ортасын, өмірі мен денсаулығын сақтауға жауапты. Сондықтан тұрақты даму қағидаттарын іске асыру бүгінгі таңда маңызды басымдықтардың бірі.

Бүгін UI Green Metric университеттерінің Дүниежүзілік рейтингісімен бірлесіп "Жасыл университет" семинары ұйымдастырылды. Экологиялық бастамалар мен тұрақтылық бағыты бойынша өз қызметін жүзеге асыратын Қазақстанның қоғамдық ұйымдары спикерлер ретінде шақырылды. Сондай-ақ, экологиялық саясатты іске асыру саласында үлкен тәжірибесі бар Ресейдің жетекші университеттерінен әріптестер қатыст.

Онлайн семинарға қазақстандық 10 университет, Индонезия мен Малайзиядан 8 университет, Ресейдің 3 университеті қатысты.