Шығыс Қазақстан облыстық сотына жаңа төраға тағайындалды

1763
көрілім

Қайырбеков Нұрлан Мұратұлы 1967 жылы 2 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1998 жылы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік Университетін бітірген.

1992-1998 жылдар аралығында ШҚО ішкі істер органының және салық полициясының қызметкері, 1998-1999 жылдар аралығында ПК ВП «Новый стиль» заңгері, 1999-2000 жылдар аралығында ШҚО Улан аудандық прокурорының көмекшісі қызметтерін атқарған. 2000-2002 жылдар аралығында ШҚО Глубокое аудандық сотының судьясы, Өскемен қалалық сотының судьясы, 2002-2003 жылдар аралығында ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы болған.

2003–2008 жылдар аралығында ШҚО Шемонаиха аудандық сотының төрағасы, 2008-2009 жылдар аралығында ШҚО Өскемен қалалық №2 сотының төрағасы, 2009 – 2010 жылдар аралығында Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы болып еңбек еткен.

2010–2012 жылдар аралығында Қарағанды облысының кассациялық сот алқасының төрағасы болған.

2012 жылдың шілде айынан бастап Қызылорда облыстық сотының төрағасы қызметін атқарған.