Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері "онлайн" жұмыс істеуде

332
көрілім

2019 жылдың 15 қарашасында ШҚО-да «Жолда және аулаларда қабылдау» республикалық акциясының кезекті кезеңі басталды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері полиция бөлімшелерінің фронт-кеңселерінде және модульдік типтегі стационарлық бекеттерде жылжымалы бөлмелерін орналастырып, азаматтарды қабылдады. Тұрғындар «Nur Otan» партиясының филиалдарында және жергілікті полиция бөлімшелерінде де  қабылданды. Полиция басшылығымен кездескен дүйім жұрт көкейтесті сұрақтарына тікелей жауап ала алды.
Акция барысында полиция мобильді қабылдаулар өткізіп қана қоймай, «Сұрақ-жауап» режимінде әлеуметтік желілердің пайдаланушыларымен «онлайн» әңгіме ұйымдастырды.
Кез-келген себеппен қабылдауларға қатыса алмаған азаматтар полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полковник Жанболат Калетаев басқаратын облыстық полиция бөлімшелерінің басшыларына тікелей сұрақ қою мүмкіндігіне ие болды.

«Тікелей эфир» барысында ШҚО Полиция департаментінің ресми парақшасында әлеуметтік желіде мүдделі азаматтардан 200-ден астам сұрақ түсті. Олардың көпшілігін жол-көлік оқиғалары жағдайлары қызықтырды. Әлеуметтік желіні қолданушылар құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қауіпті аймақтарды атап өтіп, жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша ұсыныстарын айтты.

- Жол қауіпсіздігін жақсарту мәселелеріне облыс тұрғындарының қатысуы бізді қуантады. Жыл басынан бері облыс жолдарында 890 жол-көлік оқиғасы тіркелді, оның 600-ден астамы қалаларда. Бүгін қала тұрғындарынан көптеген ұсыныстар алынды. Азаматтардың өтініштері бойынша полиция жолдарды тексеріп, жергілікті атқарушы органдарға нұсқау береді , - деді полиция полковнигі Жанболат Калетаев.

Жалпы облыстың барлық қалалары мен аудан орталықтарында өткізілген акция аясында құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне жүргізуші куәлігін алуға, әкімшілік айыппұлдарды төлеуге, бейнебақылау камераларының жұмысына қатысты сұрақтар қойылады.
Акция 16 қарашаға дейін жалғасады. Облыс тұрғындары мобильді қабылдау бөлмелері туралы ақпаратты ШҚО Еastkazpolice ресми парақшасында Instagram, Facebook және Vkontakte әлеуметтік желілерінде біле алады.