Шығыс Қазақстанда биыл 397 шақырым жол жөнделеді

265
көрілім

ШҚО 2020 жылы 397 шақырым жол жөнделмек, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Облыс әкімі Даниал Ахметов тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуінде жол-көлік инфрақұрылын жақсарту мақсатында қандай жұмыстар атқарылатындығын айтып берді.
- Осы жылы көлік жолдарын жөндеуге және күтіп ұстауға 64,4 млрд теңге бөлінген. Бүгінде бірқатар жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде өңіріміздегі сапасы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 81%-ға дейін жеткен. Жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту адамдардың өмір сүру сапасын арттыру және оларға жайлы жағдай туғызудың басты шарты, - деді аймақ басшысы.

Оның сөзіне сенсек, 2020 жылы бұл салаға 102,8 млрд теңге инвестиция құйылмақ. Оның 82,3 млрд теңгесі республикалық маңыздағы жолдарға («Талдықорған-Қалбатау-Өскемен және Қалбатай-Майқапшағай»), ал 20,5 млрд теңгесі облыстық, аудандық маңыздағы және елді мекендердің ішіндегі көше жолдарына бөлінеді.

- Облыстағы 397 шақырым автокөлік жолы мен 83 шақырым көше жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ «Семей-Қайнар», «Өскемен-Алтай-Рахман қайнары», «Аягөз-Тарбағатай-Боғас» жолдары жөнделеді. Қазіргі уақытта 10,3 млрд теңгеге Өскемен қаласының әуежайын, 4,7 млрд теңгеге Үржар ауылының әуежайын қайта жаңарту жұмыстары басталды, - деді Даниал Кенжетайұлы.