Шығыс Қазақстанда индустриялық жобалар сәтті іске асырылуда

103
көрілім

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстың индустриялық дамуы туралы мәлім етті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында экспорттық өндірістерді құру үшін 2020 жылдан 2025 жылға дейін Шығыс Қазақстанда 645 млрд. теңге инвестиция тартуға және 10 мың жаңа жұмыс орнын құруға бағытталған 32 жоба іске асырылмақ.
Облыс әкімі атап өткендей, биыл 37,5 млрд. теңгенің бес жобасын іске асыру жоспарланған. Оның ішіндегі маңызды жобалардың бірі – жылдық қуаты 200 тонна уран өндіретін АЭС-ке арналған жылу бөлетін құрамдар шығаратын зауыт құрылысы. Жоба Азия нарығына, атап айтқанда Қытайға бағытталған.
Сондай-ақ, Қаршыға кен орнының тау-кен байыту кешенінің және Суықтыбастау учаскесінде әктасты қайта өңдеу зауытының құрылысы аяқталуда.
Ақтоғай тау-кен байыту комбинатында мыс кенін қайта өңдеу көлемін екі есеге арттыру бойынша ірі жобаның екінші кезеңі іске асырылуда. Қызылқайың кен учаскесінде қуаттылығы жылына 25 млн. тонна кен өндіретін байыту комбинатының құрылысы басталады. Кәсіпорын өнімдерін Ресей мен ҚХР-ға экспорттау жоспарлануда.