Шығыс Қазақстанда колонияларды жұмыспен қамту мәселелері талқыланды

305
көрілім
Фотосурет BAQ.KZ сайтынан.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасында ведомствоаралық кеңес өтіп, онда сотталғандарды колонияларда жұмыспен қамту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.


Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасының хабарлауынша, кеңес жұмысына әкімдіктердің, мекеме әкімшіліктерінің, қылмыстық-атқарушылық департаменттің қызметкерлері, сондай-ақ, кәсіпкерлер палатасының, ірі кәсіпорындардың өкілдері мен бизнес субъектілері қатысты. Қазіргі кезде облыстың түзеу мекемелерінде «Еңбек-Өскемен» РМК филиалдары мен 64 жеке кәсіпкерлер қызмет етеді, олар 1,5 сотталғандарды жұмыспен қамтыған. Тағы да 400-ден астам сотталғандар өндірістік-шаруашылық жасақтарында еңбек етеді.


Еңбек келісімшарттары негізінде оларға жалақы төленеді, олар оған азық-түлік пен қажетті заттар алады, туыстарына ақшалай қаражат жіберіп, жәбірленушілерге келтірген залалды өтейді.


"Облыстың түзеу мекемелерінде құрылыс материалдарының өндірісі ұйымдастырылған (шлакоблок, құм блоктары, газ блоктары, тротуарлық тас төсеуіштер), сондай-ақ, пластик терезелер, есіктер, корпустық және жұмсақ жихаз, ағаштан жасалған өнімдер, метал бұйымдары, тігін өнімдері және басқа да тауарлар шығарылады. Осы өнімдер нарықта жоғары сұранысқа ие", - делінген таратылған ақпаратта.


Іс-шараның барысында түзеу мекемелерінің әкімшіліктері мен «Еңбек-Өскемен» РМК филиалына кәсіпкерлік субъектілерімен лайықты өзара іс-қимылдарды жасауын қамтамасыз ету тапсырылды. Кездесуге қатысушылар бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасалғанын, тегін өндірістік алаңдар мен жұмыс ресурстары бар екенін, тамақтануды ұйымдастыру шығындарының жоқтығы мен аумақтардың күзетілетінін атап өтті.


Қазіргі кезде Өскемен, Семей, Шемонаиха мен Жарма аудандарының түзеу мекемелерінде барлық қажетті инфрақұрылымымен, жалпы алаңы 13 мың шаршы метр құрайтын өндірістік бос орын-жайлар бар. Кеңестің соңында қатысушыларға колонияларда шығарылатын өнімдер мен бұйымдардың көрмесі ұйымдастырылды.