Шығыс Қазақстанда сарбаздар дауыс берді

129
көрілім

Шығыс Қазақстан облысында жас сарбаздар алғаш рет сайлауда дауыс берді.

Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің барлық жеке құрамы таңертең сайлауда дауыс берді. Өз таңдауын бірінші болып өңірлік қолбасшылықтың қолбасшысы, генерал-майор Рүстем Ақбалин және жедел мақсаттағы 2 ротаның мерзімді қызмет сарбазы, қатардағы жауынгер Сұлтан Асаубаев жасады. Ол Орал қаласынан шақырылған.

«18-19-жастағы сарбаздар алғаш рет сайлауда дауыс берді. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы бойынша барлығы 6 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Оған мерзімді қызметтің әскери қызметшілері ғана емес, офицерлер мен сержанттар да қатысады», - дейді Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Амангелді.

Оның айтуынша, осыдан екі күн бұрын Өскемен қаласының 5518 әскери бөліміне жаңадан жас сарбаздар келді. Оларға әскери бөлімнің аумағындағы сайлау учаскесінде дауыс беруге қатысу құқығы берілді.