Шығыс Қазақстанда сел жүру кезеңі аяқталды

675
көрілім
Фотосурет sxodim.com.
Өңіріміздегі сел ағу кезеңі 15 мамыр мен 15 қыркүйек аралығын қамтиды. Жергілікті тұрғындарға төнетін қауіптің жоқ екеніне түбегейлі көз жеткізу үшін «Қазселқорғау» бөлімшесінің мамандары Зайсан және Катонқарағай аудандарының тау шатқалдарындағы көлдерге тексеру жүргізді.

Біздің облыс көлемінде 23 сел ағу ошағын тудырып 13 елді мекенге қауіп төндіретін 149 тау көлі бар. 15 мамырдан бастап «Қазселқорғау» ММ құтқарушылары тау көлдерін тұрақты бақылап, халыққа ескертулер жасап отырды.

Сел жүру кезеңінің ақталғанын анықтау үшін мамандар Кендірлік және Сарымсақты өзендерінің аңғарларын суретке түсірді. Алдын ала алынған деректер бойынша «Қазселқорғау» мамандары сел жүру қаупі жоқ деген қорытынды жасады.