Шығыс Қазақстанда үздік ауыл әкімі анықталды

674
көрілім
Шартты сурет

Ұлан ауданы Аблакет ауылдық округінің әкімі Шығыс Қазақстандағы үздік ауыл әкімі атанды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

«Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсына ШҚО-дан баратын әкімді анықтау үшін облыстық байқау өткізілді. Әуелі өңірлік комиссия құрамы бекітілген. Содан соң кандидаттарды тіркеу басталды. Жалпы облыс бойынша қатысуға 4 ауыл әкімі құжат тапсырған. Аталмыш конкурстың мақсаты - жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізген, ауылдың дамуына елеулі үлес қосқан үздік әкімдерді анықтау.  
Комиссия шешімімен Ұлан ауданы Аблакет ауылдық округінің әкімі Арыслан Ағланбеков үздік деп танылды. Енді ол Шығыс Қазақстан облысының атынан республикалық байқауға қатысады.