Шығыс Қазақстанның 10 қаласы жайлы не білеміз?

1401
көрілім

Шығыс Қазақстан облысында жалпы саны 10 қала бар. Ол қалалардың өзіндік құрылу, қалыптасу, даму тарихы, өз мәдениеті мен тыныс-тіршілігі бар. Әр қала жыл сайын өзінше көркейіп жаңарып-жанданып келеді. Бұл қалаларды мекендеген халықтың да жеке ділі қалыптасқан десек – артық айтқандық емес. Оқырман назарына облысымыздағы 10 қала жайлы қызықты деректер ұсынуды жөн көріп отырмыз.

Өскемен

Қаланың құрылған жылы: Өскемен қаласы 1720 жылы құрылған.

Халқының саны: Өскемен аумағында 396, 5 мың адам тұрады. Оның ішінде: қазақтар – 134 898, орыстар – 186 231, татарлар – 2 574, немістер – 2 687, украиндар – 1 734, белорустар – 424, шешендер – 598, әзірбайжандар – 802, кәрістер – 637, ұйғырлар – 142, өзбектер – 365, басқа ұлттар – 1 932.

Қаланың жалпы көлемі: Өскемен қаласының жалпы аумағы 54 689 га (Комсомольский аралын қоса алып және әкімшілікке қарасты аумақтарды есепке алғанда)

Білім беру мекемелерінің саны: 45 күндізгі мемлекеттік, 2 жекеменшік және түзету мекемелерінің жанында 2 кешкі мектеп бар. Мектепке дейінгі мекемелердің саны – 90, оның ішінде 57 балабақша, 33 шағын орталық бар. Техникалық және кәсіптік білім беретін мекеме саны – 25.

Қаладағы көшелердің саны: 2009 жылғы 10 қарашадағы Өскемен қаласы әкімдігінің №4559 қаулысына сәйкес, қала бойынша ұзындығы 712, 650 шақырымды құрайтын 614 көше бекітілген.

Қала бойынша тіркелген ең жоғарғы және ең төменгі температура: +43 градус (1974 жыл), -49 градус (1931 жыл)

Семей қаласы

Қаланың құрылған жылы: Семей қаласы 1718 жылы құрылған. Қала күні қыркүйек айының соңғы жексенбісінде аталып өтіледі.

Халқының саны: 2016 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Семей аумағында 344 467 адам тұрады. Оның ішінде қала тұрғындары 322 638, ауыл тұрғындары – 21 829. Ұлт өкілдері бойынша: қазақтар 240 676, орыстар – 87 591, татарлар – 8 973, немістер – 2 191, украиндар – 872, белорустар – 203, шешендер – 161, әзірбайжандар – 268, кәрістер – 397, ұйғырлар – 297, өзбектер – 420, басқа ұлттар – 1 597.

Қаланың жалпы көлемі қандай: 27,81 шаршы шақырым

Білім беру мекемелерінің саны: Колледждер саны – 28. Жалпы білім беретін мектеп саны – 66. Сондай-ақ, қалада мектепке дейінгі 48 мекеме (16 мемлекеттік, 32 жекеменшік), 48 шағын орталық жұмыс істейді.

Қаладағы көшелердің саны: Жалпы көше саны – 1 105.
Риддер

Қаланың құрылған жылы: 1786 жыл. Қала күні дәстүрлі түрде 31 мамырда аталып өтіледі.

Халқының саны: 58 027. Оның ішінде: қазақтар – 8061, орыстар – 47 822, татарлар – 544, немістер – 582, украиндар – 245, басқа ұлттар – 733.

Қаланың жалпы көлемі қандай: 488 мың га.

Білім беру мекемелерінің саны: 2 колледж, 15 жалпы білім беру мектебі және 14 мектепке дейінгі балалар мекемесі жұмыс істейді.

Қаладағы көшелердің саны: 248 көше бар.

Қала бойынша тіркелген ең жоғарғы және ең төменгі температура: +37 градус (1974 жыл) және -43 градус (1969 жыл).

Аягөз

Қаланың құрылған жылы: Аягөз қаласының іргетасы 1930 жылы қаланып, ресми түрде қала статусы берілген.

Халқының саны: 38 489 адам. Ұлттық құрамы: қазақтар – 37 338, орыстар – 997, татарлар – 96, өзбектер – 8, басқа ұлттар – 50.

Қаланың жалпы көлемі қандай: Аягөз қаласының аумағы 16073 мың гектар жерді алып жатыр.

Білім беру мекемелерінің саны: орта мектеп – 10 (оқушылар саны – 7953), балабақша – 8 (балалар саны – 1732), колледж – 1 (студент саны – 437), өнер мектебі – 1 (оқушылар саны – 373).

Қаладағы көшелердің саны: қала бойынша 104 көше бар.

Қала бойынша тіркелген ең жоғарғы және ең төменгі температура: +40 градус және -45 градус.

Зырян

Қаланың құрылған жылы: 1971 жылы құрылған.

Халқының саны: 36 887 адам.

Қаланың жалпы көлемі қандай: Зырян қаласының аумағы 5481 га.

Білім беру мекемелерінің саны: жалпы білім беретін мектеп саны – 8, қосымша білім беретін мектеп саны – 2, мектеп интернат саны – 2, балабақша саны – 6, шағын орталық саны – 2.

Қаладағы көшелердің саны: 173 көше бар.

Қала бойынша тіркелген ең жоғарғы және ең төменгі температура: +40 градус және -51 градус.

Шемонаиха

Қаланың құрылған жылы: 1961 жылы құрылған. Қала күні 5 жылда бір рет қазан айында аталып өтіледі.

Халқының саны: 18 094 адам. Оның ішінде 15,08% – қазақтар, 79,98% – орыстар, 4,94% – өзге ұлттар.

Қаланың жалпы көлемі қандай: 6786 га. Оның ішінде: ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлер – 1731 га, егіс алаңы – 1033 га, шабындық – 11 га, жайылым – 560 га.

Білім беру мекемелерінің саны: 2 колледж, 4 мектеп, 2 балабақша бар.

Қаладағы көшелердің саны: 140 көше тіркелген.

Қала бойынша тіркелген ең жоғарғы және ең төменгі температура: +48 градус және -38 градус.

Зайсан

Қаланың құрылған жылы: 1869 жылы құрылған. 08.09.2017 жылы Қала күні аталып өтіледі.

Халқының саны: 16 129 адам. Оның ішінде: орыстар – 637, татарлар – 113, немістет – 2, украиндер – 4, ұйғырлар – 27, өзбектер – 19.

Қаланың жалпы көлемі қандай: 18 832 га.

Білім беру мекемелерінің саны: Зайсан қаласы бойынша 1 колледж, 5 мектеп, 6 бала бақша бар.

Қаладағы көшелердің саны: көшелердің жалпы саны – 82.

Қала бойынша тіркелген ең жоғарғы және ең төменгі температура: +40 градус және -38 градус.

Курчатов

Қаланың құрылған жылы: 1947 жылы құрылды. Қала күні 30 тамызда аталып өтіледі.

Халқының саны: 12 300 адам. Оның ішінде: қазақтар – 6740, орыстар – 4 922, татарлар – 176, немістер – 163, украиндар – 118, белорустар – 28, шешендер – 5, әзірбайжандар – 16, кәрістер – 16, ұйғырлар – 7, өзбектер – 20, басқа ұлттар – 62.

Қаланың жалпы көлемі қандай: 11 600 га.

Білім беру мекемелерінің саны: Курчатов қаласы бойынша 4 жалпы білім беретін мектеп және 3 бала бақша тіркелген.

Қаладағы көшелердің саны: 14 көше бар.

Қала бойынша тіркелген ең жоғарғы және ең төменгі температура: +44 градус және -46 градус.

Шар

Қаланың құрылған жылы: 16.10.1939 жылы құрылды.

Халқының саны: 9 714 адам. Оның ішінде: қазақтар – 8 894, орыстар – 622, украиндар – 34, немістер – 45, белорустар – 2, әзірбайжандар – 9, шешендер – 67, өзбектер – 6, молдавандар – 3, тәжіктер – 2, татарлар – 28, еврей – 1, мордова – 1.

Қаланың жалпы көлемі қандай: 8,5 шаршы шақырым.

Білім беру мекемелерінің саны: 1 колледж, 3 орта, 1 негізгі, 2 бастауыш мектеп, 1 мектеп-балабақша кешені және 2 балабақша тіркелген.

Қаладағы көшелердің саны: Шар қаласында жалпы саны 31 көше бар.

Қала бойынша тіркелген ең жоғарғы және ең төменгі температура: +34,2 градус және — 45 градус.

Серебрянск

Қаланың құрылған жылы: 1953 жылы Бұқтырма СЭС (су электр станциясы) құрылысы кезінде құрылды, алайда қала мәртебесі 1962 жылғы 9 шілдеде берілді.

Халқының саны: 8 684 адам

Қаланың жалпы көлемі қандай: Серебрянск қаласының аумағы 3440 га.

Білім беру мекемелерінің саны: жалпы білім беретін мектеп саны – 3, қосымша білім беретін мектеп саны – 2, мектеп интернат саны – 2, балабақша саны – 1, шағын орталық саны – 2.

Қаладағы көшелердің саны: 62 көше бар.

Қала бойынша тіркелген ең жоғарғы және ең төменгі температура: +44 градус және -44 градус.