Шығыс Қазақстанның қай жерінде тасбақалар мекендейтінін білесіз бе?

436
көрілім

Бұқтырма суқоймасындағы Баты көлінің сағасының қақпасында орналасқан үш арал аңшылар мен балықшыларға жақсы таныс. Самар ауылы мен Васильев өткелін байланыстыратын тас жолдан қарап, демалушылар көлдегі судың көтеріліп-төмендеуін анықтап отырады.

Безымянный, Средний және Черепаший аралдары — жүзуге арналған заттары бар адамдар үшін нағыз жұмақ. Бұл жердегі қамыс басқан бұғаздарда шортан, нәлім, майлы табан балықтар мен азулы алабұғалар кездеседі. Сондай-ақ, күнге қыздырынуды ұнататындар үшін құмды жағажайлар да бар.

Аралдарда баршаға таныс шағалалар мен суқұзғындары ұя салады, ал жаз кезінде мұннан бұйра бірқазандарды да көруге болады. 2002 жылы аралдардың бірінде жаңа мекендеушілер пайда болды. Олар екі жүзге жуық дала тасбақалары еді.

Өкініштісі, бұл тамаша жерге қауіп төніп тұр. Мұнда адамдар құстардың ұя салуы кезінде келе бастайды екен. Оған қоса, кейбір демалушылар амдамгершілік таынтпайтын көрінеді. Жаға жолағы үнемі қоқыспен ластанады. Балық қырып ауланады. Кейбір қаскүнемдер тіпті бірқазандарды атып алады, ал олардың саны онсыз да аз. Зерттеушілердің мәліметтері бойынша, тасбақалардың саны да азайып кетті. 2006 жылы олардың саны 10-нан аспайтын, ал қазір тасбақаны көру мүмкін емес болып барады. Осындай тамаша туған табиғат бұрышын сақтап қалу мұнда келушілердің жауапкершілік сезіміне байланысты.