Шығыс Қазақстанның өзі гномдары бар екенін білесіз бе?

462
көрілім

Алтай тауларының адам аяғы баспаған жерлерінде болып қайтқан аңшылар мен альпинистер Шығыс Қазақстан тауларының астындағы тылсым тасты түкпірлерінде мекендейтін кішкене жұрт туралы әңгімелейді. Бұл жұрт адамдардың көзіне түспеуге тырысады. Әккі адамдардың қалжың әңгімесіне сенсек, жергілікті шыбынжұттың бір түрін пайдаланса, «гномдар» адамдарға көрініп қана қоймай, тәуекелшіл зерттеушіге өздерінің қазыналарының құпияларын ашады екен. Бірақ әлгі «шыбынжұтты» қолданса, гномдарды ғана емес, троль, эльф, орк, хоббиттерді, тіпті Гэндальф атаның өзін де көруге болатын секілді!

Ал шындыққа келетін болсақ, бұл өңірлерде ежелде Алтай тауларын мекен еткен чудиндер деген ергежейлі жұмбақ жұрт туралы жергілікті аңыз бар. Олар тамаша кен қазушы әрі тас ісінің шеберлері болатын. Жерасты әлемінің әміршісіне табынды. Осылайша чудиндер Алтайда тіршілік етіп, тасты ертегі жасайтын. Күндердің бірінде олардың жеріне адамдар келді. Шахта қазып, жердің байлықтарын ала бастайды. Қазыналық зауыттар салды, онда жоқшылық пен мұқтаждықта басыбайлы шаруалар еңбек етті. Чудиндер өздеріне мұндай тағдырды қаламады. Ашкөз зауыт приказчиктердің көзінен жасыруды сұрап, әміршілеріне жалбарынады. Сұраулары қараңғылық әміршісінің құлағына шалынып, ол ергежейлі жұртты тау қойнауына мәңгілікке жасырып қойған екен.

Батыс Алтай қорығының аумағында Линей жоталары жатыр. Желгі мүжілу күшімен табиғи мүсінге айналған елесті гранит қалдықтары аспанға қарай бой түзеп тұр. Бұл жердің түрлі атаулары бар: «Тасты ертегі», «Сайтан қалашық». Аңыз бойынша дәл осы жерде ергежейлі жұрт — жұмбақ «чудиндер» тіршілік ететін әлемге апарар қақпа орналасқан.