Шығысқазақстандық еріктілер Елбасының Алғыс хатымен марапатталды

381
көрілім

Өңірде «Nur Otan» партиясының Төрағасы, ҚРТұңғыш Президенті, Елбасы - Нұрсұлтан Назарбаевтың COVID-19 пандемиясы кезінде мұқтаж жандарға әлеуметтік көмек көрсетуде белсенділік танытқан еріктілерге алғыс хаттарын табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Марапаттарды «Nur Otan» партиясы ШҚО филиалының төрағасы, облыс әкімі Даниал Ахметов табыс етті.

Аймақ волонтерлері «Nur Otan» партиясының Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастаған "Біз біргеміз " акциясына белсенді қатысты. Елімізде төтенше жағдай жарияланған кезде демалыссыз жұмыс істеп көмекке мұхтаж жандарға қол ұшын бердіңіздер. Сіздер-нағыз патриотсыздар, еліміздің болашағы сіздерсіздер, біздің өңірде белсенді жастардың көп болғанына қуаныштымын, - деді аймақ басшысы.

«Біз Біргеміз» акциясы аясында «Jas Otan» жастар қанатының 520-дан астам еріктісі 25 мың әлеуметтік-осал санаттағы азаматтарға: жалғыз тұратын зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға қайырымдылық көмек (азық-түлік себеттері) жеткізуді ұйымдастырды.

Сондай-ақ 123 Ұлы Отан соғысының ардагері мен 16 189 тыл еңбеккері азық-түлік жиынтығын алды.

«Біз біргеміз» акциясы аясында Елбасының бастамасымен құрылған «Birgemiz» республикалық қоғамдық қорынан Шығыс Қазақстан облысында 44 мыңнан астам мұқтаж отбасы 50 мың теңге көлемінде бір реттік көмек алды.

«Nur Otan» партиясының белсенділері, еріктілер мен кәсіпкерлер мұқтаж жандарға мүмкіндігінше азық-түлік түрінде және қаржылай көмек көрсетті.