Шығысқазақстандық фристайлшылар АҚШ-тағы Әлем кубогіне қатысады

720
көрілім
Шартты фотосурет

ШҚО қысқы спорт түрлерінен Жоғары спорт шеберлігі мектебі өкілдерінің айтуынша, аталған жарысқа бірнеше жерлесіміз қатысады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жалпы, Солт Лейк Сити қаласының шығысында 58 шақырым жерде орналасқан Дир-Вэлли тау-шаңғы курорты әзірге жерлестеріміз үшін алынбас қамал болып тұр. Осыған дейін риддерлік Дмитрий Рейхерд те, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышева да бұл жерде жүлде алып көрмеген. Финалдық кезеңге шыққанның өзінде медальдан шет қалып жүрді. Сыралғы қарсыластары канадалық Жустин Дюфур Лапуан пен Франция өкілі Перрин Лаффон басқасы басқа, осы жерде кемі күміс медаль иеленіп келеді. Қаңтар айының 11-14 аралығында өтетін додада жаңа жеңімпаз бен жүлдегерлер есімін естуіміз әбден мүмкін.

Бұдан бөлек, жерлестерімізден Павел Колмаков пен Аяулым Әмренова да могул бойынша ел намысын қорғайды.