Шығысқазақстандық қол күрес шеберлері Әлем чемпионатында жүлделер иеленуде

826
көрілім

Түркияның Анталья қаласында кадеттер, жасөспірімдер, жастар, ересектер және ардагерлер арасында қол күрестен XXIV Әлем чемпионаты өтуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жаһандық жарыстардың ешбірінен қалмайтын жерлестеріміз әзірге жүлделерді бірінен соң бірі иеленуде. Шығыс Қазақстан спортшылары ел көлемінде үнемі көшбасшылар қатарында. Дәл осындай қарқынмен өңіріміздің қол күрес шеберлері жуырда Антальяға жол тартқан. Жалпы, ұзын-саны 54 мемлекеттен 1500-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Қолда бар мәліметке сәйкес бүгінге дейін алты жерлесіміз медаль алды. Ұлан ауданының тумасы Деши Дурсаева қос қолмен де қарсылас шақ келтірмей, екі алтын медальға қол жеткізді. Дәл сондай нәтижені Жасмин Оразкенова көрсетті. Әмина Рапикова мен Виктория Бекирова бір алтын, бір күміс алса, Тахмина Қожамбердиева бір алтын мен бір қола, сондай-ақ Наргиза Мерекенова қос күміске ие болды.
Бұл бұрымдылар бойынша нәтиже. Алда жасөсіпірімдер мен жігіттер, ересектер мен ардагерлер жарыс жолына шығады. Байрақты бәсеке қазан айының 23-не дейін жалғасады.
Әділхан ЕСІМХАНОВ