Шығысқазақстандық қос спортшы Азия чемпионатына қатысады

417
көрілім
Оқу-жаттығу сәтінен

Күні кеше Қырғызстанда өтетін Азия чемпионатына баратын 17 жасқа дейінгі палуандар есімі белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жарыс алдындағы соңғы оқу-жаттығу кезінде жаттықтырушылар ел намысын қорғайтын 10 еркін күрес спортшысын атады. Айта кетейік, аға бапкер қызметін атқарып жүргендер Әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері Дәулет Ниязбеков пен жерлесіміз, Азия чемпионы Расул Қалиев. Тізімге шығысқазақстандық қос спортшы енген.

Сонымен тізім төмендегідей:

45 келі) Нұрасыл Асанбек (Түркістан облысы)

48 келі) Рамиль Расим (Ақмола облысы)

51 келі) Нұрданат Айтанов (Жамбыл облысы)

55 келі) Дарын Әскербек (ШҚО, Тарбағатай ауданы)

60 келі) Ақарыс Қалиев (Ақтөбе облысы)

65 келі Айқын Болатұлы (ШҚО)

71 келі Бақытжан Бекарыс (Түркістан облысы)

80 келі Асхаб Хаджиев (Қарағанды облысы)

92 келі Камиль Куруглиев (Маңғыстау облысы)

110 келі Едіге Қасымбек (Түркістан облысы)

Жалпы, бірнеше жас ерекшелігі бойынша күрес түрлерінен Азия чемпионаты 19-26 маусым аралығында өтеді.

Әділхан ЕСІМХАНОВ