Шығысқазақстандық палуандар Италиядағы турнирде бақ сынайды

536
көрілім
Фотосурет olympic.kz сайтынан

Палуандар бас қосатын аламан наурыз айында өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Грек-рим күресінің бапкерлік құрамы жылдағы дәстүрге айналған «Маттео Пелликоне» турнирінде ел намысын қорғайтын спортшылар есімін жариялады. Палуандар арасында Олимпиада ойындарында өнер көрсеткендер мен Әлем чемпионаттарында жүлдегер атанғандары бар. Соның ішінде шығысқазақстандық екі спортшы бозкілемге беттейді.

Атап айтсақ, 67 келіде үржарлық Алмат Кебіспаев пен 87 келіге дейінгі дәрежеде семейлік Нұрсұлтан Тұрсынов өз мүмкіндіктерін байқайды.

– Рим төріндегі бәсекеде ұзын-саны 18 спортшы жарыс жолына шықпақ. Турнир наурыз айының 4-7 аралығында өтеді, – делінген ресми күрес парақшасының мәліметінде.