Сібе жағажайы маусымның 15-нен бастап жұмысын бастайды

451
көрілім

Қазір уақытта жағажай қызметкерлері демалушыларды қабылдауға дайындалуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы ұсынған мәліметке сүйенсек, маусымның 15-нен бастап жағажай өз жұмысын бастайды.

- Жыл сайын мамырдың 10-нан бастап жағажай аумағын тазарту, абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. 2017 жылы аталған аумақты абаттандыруға облыстық бюджеттен 129 миллион теңге бөлінген. Кәсіпкерлік басқармасы мамандарының айтуынша, бүгінде жағажай Ұлан ауданына қарасты Бозанбай ауылдық округінің балансында, - делінген ведомствода.