Синоптиктер ШҚО-да дауылды ескерту жариялады

342
көрілім

«Қазгидромет» РМК синоптиктері Шығыс Қазақстан облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.


– 10 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз кей жерде бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан cоққан жел солтүстік-батысқа ауысып, кей жерде 15-20, екпіні 25 м/с жетеді, – делінген хабарламада.
Өскемен қаласында 10 шілдеде түнде және таңертең найзағай күтіледі. Таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан cоғатын жел солтүстік-батысқа ауысып екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Сондай-ақ, Семей қаласында 10 шілдеде түнде найзағай күтіледі. Таңертең және күндіз солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, еліміздің бірнеше облысында 41 градусқа дейін күн ысиды.