Сирек диагнозы бар спортшы

814
көрілім

Мұны естігенде кімнің болсын бойы шымырлап, аса епті қимылдарын көріп таңдай қағатын жандардың табылары сөзсіз. Тумысынан аяғы жоқ бұл спортшы алдына тау мақсат қойып келеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Американың Огайо штатының тумасы Сион Кларктың жасы 22-де. Өмірге аяқсыз келген оған дәрігерлер каудальды шегініс синдромы деген диагноз қойған. Айтуларынша, мұндай диагноз өмірге келген 250 мың нәрсетенің тек біреуінде ғана болады. Мұндайда омыртқаның төменгі тұсы дұрыс жетілмей, жамбас сүйегі мен басқа сүйектердің деформациясына әкеледі. Сион өмірге келген соң ата-анасы бірден бас тартады. Сосын оны басқа бір жанұя қамқорлығына беріп, кейін қайта өткізеді. Баланың жасы жетіге толғанда Кларктар отбасы бауырына басып, бар мейірін төгеді. Енді Сион Кларктың мақсаты – 2021 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына қатысып, алтын медаль иелену. Алғашында асырап алған ата-анасы еркін күрес үйірмесіне әкелген бойда-ақ Сион сол спортпен мүмкіндігі жеткенше айналысуға бел буады. Қазір таза салмағы 45 келі болса да 57 келіге дейінгі салмақта белдесіп келеді. АҚШ-тағы қарсыластары тарапынан аяғы жоқ палуанды бағаламау, менсібеу сынды жат қылықтар да байқалмай келеді. Жаратылысы ерек спортшы жайлы естіген «Netflix» компаниясы фильм түсіріп, кейін соның арқасында Сионды талай адам тани бастады.

– Менің қолым – аяқ қызметін де атқарып келеді. Сол себепті әр қимылымды екшеп, күшімді дұрыс қолдануға дағдылануым қажет. Бір қолыммен бозкілем таянсам, бір қолыммен қарсыласымды қапсыра ұстауға тиіс екенімді білуге тиіспін, – деді ол белгілі күрес басылымдарының біріне.