Сот істері электронды форматта қаралуда

488
көрілім

Қазіргі таңда сот жүйесі қылмыстық істер мен материалдарды электронды форматта қарастыруда. Бұл өз кезегінде процесті ыңғайлы әрі шынайы жүргізуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Бұл туралы Өскемен қалалық №2 сотының төрағасы міндетін атқарушы Тельман Алимханов журналистермен өткен брифингте хабарлады. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында  21 іс пен 247 материал үкімді орындау тәртібінде қарастырылған.
– Бірінші жартыжылдық бойынша 324 қылмыстық іс келіп түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 49,8% – ға кеміген. Қаралған қылмыстық істер санының да төмендеуі байқалып 51,7% – ды көрсетті, – дейді Тельман Алимханов.
Осы жылдың өзінде 224 іс  бойынша үкім шығарылған. 228 адам сотталып, 36-сы ақталып шықты. Бұл ретте 2018 жылға қарағанда ақталғандар саны 47,2% – ды құраған.
Сонымен қатар 298 қылмыстық істің 113-і қысқартылған түрде қаралып, тараптарды татуластыру мен медиация келісімі арқылы 29 іс шешімін тапқан. «Соттағы бітімгершілік процедуралары» пилоттық жобасын іске асыру бойынша 4 іс түйінделді.
Данияр ЗАЙНЕЛОВ