2018 жылы ШҚО соттары 71 235 азаматтық, 5 157 қылмыстық және 32 765 әкімшілік іс қараған. Бұл жайлы облыстық сот ғимаратында өткен баспасөз брифингінде айтылды.
Аудандық және қалалық соттарда қаралған қылмыстық істердің саны 2017 жылмен салыстырғанда 24,9%-ға төмендепті. Жалпы былтырғы жылы 2867 айыпталушыға қатысты сот ісі қаралса, олардың ішіндегі 2449 адам (95,9%) сотталған. Ал 188 адам (4,1%) ақталып шыққан.
– Азаматтық істер жайлы сөз қозғайтын болсақ, 2018 жылы 5 249 іс медиацияны қолдану арқылы бітімгершілікпен аяқталды, – дейді ШҚО сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев, – Сонымен қатар өткен жылы бірінші сатыдағы соттарға шағымданған 5039 істің 399-ында сот шешімінің күші жойылды.
Талғатжан МҰХАМАДИЕВ