Суға кетті

535
көрілім

Үржар ауданында суға кеткен 56 жастағы ер адамды іздеу шаралары аяқталды, деп хабарлайды газет тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құтқарушылардың мәліметінше, ат үстіндегі шопан Қаракөл өзенінің екінші жағасына өтпек болған. Қатты ағын салдарынан жылқы тайып кетіп, тепе-теңдік сақтай алмаған ер адам суға құлаған.

Шопанның із-түссіз жоғалып кеткендігі туралы туған-туысқандары дабыл қағып, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімімен және полиция қызметкерлерімен бірлесіп іздеу жүргізгенімен нәтиже болмады.

- Сол себепті іздеу шараларына Өскемен қаласындағы Шығыс аймақтық аэроұтқыр жедел құтқару отрядынан сүңгуір мамандар келіп көмектесті. Олар шопанның құлаған жерінен 1,5 шақырым қашықтықта су астынан мәйітті алып шықты, - дейді ТЖД мамандары.

Өз тілшіміз