Тағайындау тәртібі жеңілдеді

85
көрілім

Елімізде зейнеткерлікті ресімдеу тәртібі оңтайландырылып, азаматтар үшін "Бір терезе" қағидасы енгізілді. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалы директорының орынбасары Жанат Өмірғалиева хабарлады.

- 2018 жылдың қазан айынан бастап зейнетақы жасына жеткен қазақстандықтар үшін зейнеткерлікті ресімдеу тәртібі оңтайландырылған болатын, - дейді Жанат Кәукенқызы. Енді зейнетақы тағайындау бойынша барлық мемлекеттік қызмет "Бір өтініш" қағидатымен Мемлекеттік корпорацияның Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүзеге асырылады.

Бұған дейін азаматтар ынтымақты және базалық зейнетақысын алуға құжат өткізген соң Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына барып жеке өтініш жазатын болған. Енді ынтымақты зейнетақы, базалық зейнетақы мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін сомаларды бір өтінішпен тағайындау мүмкін болды. Бірақ талап етілетін құжаттар тізімі сол күйінде қалды.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ