Талғат Жайлауов бапкерлікке ауысты

1264
көрілім

Шайбалы хоккейден ел құрамасы мен елордалық «Барыс» командасының ойыншысы Талғат Жайлауов өзінің спорттық мансабын аяқтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Shaiba.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы «Барыс Live» бағдарламасында комментатор Александр Олейник мәлімдеді. Одан бөлек, елордалық «Барыс» командасының бас бапкері Юрий Михайлис те Новосибирск қаласының «Сибирь» хоккей клубымен өткен ойыннан кейін ойын ортаға салған болатын.

– Талғат енді бапкер. Тәжірибесі толысқан спортшыға жауапты міндетті жоғары деңгейде атқаруына тілектеспін, – деді ол.

Белгілі болғандай, есімі ел көлемінде ғана емес, құрлықтық хоккей лигасы мамандарына таныс өскемендік шабуылшы «Барыс» командасы құрамына кіретін «Номадтың» бапкерлер қатарын толықтырды. Отыздың бесеуіндегі жерлесіміз елордалық клуб сапында 12 маусым өткізіп, оған дейін бес жыл өскемендік «Қазцинк-Торпедоның» намысын қорғаған.