Тарбағатай ауданы Ақжар ауылы толықтай орталықтандырылған су жүйесімен қамтылған

3016
көрілім

Тарбағатайдағы «Ақжар» ШЖҚ МКК-ның нысандары бойынша баспасөз-туры өтті.

Баспасөз-туры ҚР Табиғи монополиялаларды реттеу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен, «Ақжар» ШЖҚ МКК-сымен бірлесіп өткізілді.

Қазақстан Республикасы Табиғи монополиялаларды реттеу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Арман Мәлік 2021 жылғы іске асырылған және алдыңғы жылға жоспарланған жобалармен танысты.Баспасөз–турына уәкілетті органның өкілдері, қоғам және БАҚ өкілдері қатысты.

2021 жылға арналған тарифтік сметада көзделген шығындар баптарын орындалуы және 2022 жылға жоспарланған жұмыстар туралы «Ақжар» ШЖҚ МКК басшысы Өскенбаев Бытымхан Сейітқалиұлы таныстырды.

«Ақжар» ШЖҚ МКК Ақжар ауылын толықтай орталықтандырылған су жүйесімен қамтамасыз етіп отыр.Уақытылы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тозығы жеткен құрылғылар уақытылы ауыстырылды. Солтүстік-батысындағы жаңа шағын ауданына орталықтандырылған су құбыры желілерін тарту мақсатында 1,3 млн.теңге көлемінде қаражат жұмсалды. Яғни, ұзындығы 498 метрге жететін диаметрі 110мм полиэтилен құбыр тартылды. Сондай-ақ, 1-ші көтергіш су станциясында екі бірдей SM20-15 S 7.5 кВт су сорғысы қойылды.

Барлық іс-шаралар тұрғындар мен басқа да қызметтерді тұтынушылар үшін әлеуметтік маңызды нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған.

Баспасөз - туры барысында қатысушылар, оның ішінде БАҚ өкілдері кәсіпорындардың тарифтік сметаларын орындау бойынша қызықтыратын сұрақтарды және субъектілердің қызметіне қатысты басқа да маңызды сұрақтарды қойды.