Тарбағатай ауданы Ойшілік ауылының көше жолдары жөнделмек

714
көрілім

Аудан әкімі Серікқазы Садуақасов жұмыстардың уақтылы аяқталуы үшін ауылдық округ әкімі мен жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тұрғындардың айтуынша, Шыбынды мен Ойшілік ауылдары арасындағы жолдардың тоз-тозы шыққан. Бұл ретте аудан әкімі жауапты мердігердің кепілдік берген уақыты бітпегенін алға тартып, жолдарға қайта жөндеу жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.

– Алдағы уақытта Ойшілік ауылының ішкі көшелерінің жолдары тұтастай жөнделеді. Бұл тұрғыда ауылдық округ әкімі Е.Құттыбаев жергілікті қоғамдастық, ауыл ақсақалдары, тағы басқа белсенді азаматтардан комиссия құрып, жолдың сапалы жасалуына ықпал етіп, қадағалап отыруды міндетіне алды, – деді аудан басшысы.