Тарбағатай ауданында екі балықшы жоғалып кетті

841
көрілім

Құтқарушылар Тарбағатай ауданындағы Зайсан көлінде жоғалып кеткен балықшыларды іздестіруде, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

41 және 26 жастағы ер адамдар 6 қыркүйек күні балық аулауға шығып, сол күйі қайтып оралмаған. Бүгінде жағадан бірнеше шақырым жерден балықшылардың қайығы табылыпты. Бұған қарағанда олардың суға батып кетуі әбден мүмкін. Куәгерлердің айтуынша, екі азаматтың бірі дұрыс жүзе алмайды.

- Балықшыларды іздестіруге Өскемен қаласынан ШҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері жұмылдырылды. Құтқарушылар жағажайдан 10-15 шақырым қашықтықта жұмыс істеуде. Сонымен қатар іздестіруге жақын маңдағы ауылдардың тұрғындары да атсалысуда. Олар Зайсан көлін, атап айтқанда, «Жалтыр» учаскесін аралауда. Тікұшақпен де визуалды бақылау жүргізілген, - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Бүгінгі күні жоғалған балықшыларды іздеу жалғасуда.