Тарбағатай ауданында әйел адам ішімдікке тойып алып, байбалам салатын ұлын сотқа тартты

777
көрілім

Тарбағатай аудандық сотында шағымданған әйел ішімдікке әуестігі бар ұлының қитұрқы мінезіне шағымданған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Тентек судан ұрттаған 42 жастағы еркек үйіне келіп, анасы мен отбасы мүшелерін түгелдей боқтықтың астына алған. Отбасының шырқын бұзып, мазасын кетірген шаптықпаға шыдамаған анасы сотқа арыз түсіреді.

Тарбағатай аудандық сотында айыпталушы өз кінәсін толықтай мойындап, жанұя мүшелерінен кешірім сұрап, «енді мұндай жағдай қайталанбайды» деп ант-су ішті. Тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты әкімшілік іс қысқартылған.