Тарбағатай ауданында «Қымызмұрындық» мерекесі өткізілді

950
көрілім

Тарбағатай өңірінде аудандық жәрмеңке мен қымызмұрындық мерекесі өткізілді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Аудан әкімінің тапсырмасына байланысты Ақсуат, Ақжар және Тұғыл ауылдарында ауданның барлық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен кезекті аудандық жәрмеңке өткізілді. Жәрмеңкеде саудаланған өнімдер сауда базарлары мен сауда дүкендеріндегі бағадан 15-20 пайыз төмен бағада саудаланды. Атап айтқанда, ет өнімдері: оның ішінде 450 келі жылқы еті, 3300 келі ірі қара еті, 1140 келі қой етінің бағасы келісіне 1200 теңгеден саудаланды.

Жәрмеңке аясында аталған ірі 3 ауылдық округтерде қазақтың ұлттық дәстүрін жаңғырту мақсатында «Қымызмұрындық» мерекесі жоғары деңгейде өткізілді. Мерекеге округтердегі кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары белсене қатысып, халыққа қымыз ұсынды.