Тарбағатай ауданында жолаушылар тасымалдайтын жаңа автобус бағыты ашылды

964
көрілім
Шартты фотосурет.

Тарбағатай ауданында жолаушылар тасымалдайтын жаңа автобус бағыты ашылып, Қарғыба ауылы таза ауызсумен қамтылды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Тарбағатай ауданы әкімінің ресми сайтына сүйене отырып.

«Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаевтың бастамасымен әлеуметтік маңызы бар ауданішілік «Қарғыба – Ақсуат – Екпін» бағытында жолаушылар тасымалдау маршруты салтанатты түрде ашылып, қатынай бастады» деп жазады аудан әкімінің ресми сайты.

Сонымен қатар жақында Кұмкөл ауылдық округіне қарасты Қарғыба ауылында «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде тартылған таза ауыз су құбыры ашылды. Ашылу кезінде құттықтау сөзін сөйлеген аудан әкімі қырқүйек айының соңына дейін ауыз су ауылдағы 156 үйге толық кіргізілетінін хабарлады.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ