Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылындағы спорт кешені абаттандырылмақ

138
көрілім

Әзірге аудан әкімдігі мен жауапты тұлғалар қолға алынар жұмыстың жоспарын пысықтады, деп хабаралайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аудан әкімі Серікқазы Садуақасовтың сөзінше, Ақсуат ауылындағы спорт кешені аумағының тазалау, көктемгі абаттандыру жұмыстары аз уақыт ішінде басталмақ.
– Қар кетіп, күн райы да жылынып келеді. Жер ылғалын жоғалтпай, шаң көтерілмей тұрғанда аудандағы барлық әлеуметтік нысандар ауласына, ауыл көшелеріне сенбіліктер жасауымыз керек. Ағаштардың қураған бұтақтарын реттеу, гүлзарлар отырғызатын орындарды дайындау,  қоқыстар жинау тағысын тағы дегендей... Бұл жұмыстар көшелердің келбетін түзесе, екіншіден ауа тазартады. Үшіншіден, санитарлық тазалық сақтап, тұмау және басқа да аурулардың алдын аламыз. Маңайымыз мұнтаздай таза болса, адамдар да сергек жүреді, – дейді аудан басшысы.