Тарбағатай ауданының кәсіпкерлері ауруханаларға оттегі концентраторын сыйлады

509
көрілім

Аталған концентраторлар ауылдардағы ауруханаларға жеткізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аудан әкімі Асхат Смаилов індеттің беті қайтпай тұрған күрделі кезеңде қолұшын созған атымтай азаматтардың есімін атап өтті.
– «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын» дегендей, Тарбағатай ауданында кәсібін дөңгелетіп отырған азаматтарымыз мұқтаждық туындаған жағдайларға да бейжай қарамай, қолұшын созудан аянып қалмайды. Әсіресе, осы пандемия кезінде көп көмек көрсетті. Мұндай ізгі істер әлі де жалғасуда. Мәселен, Сержан Омарбеков, Қайрат Нәбиев, Бақытжан Құнапиянов, Қайрат Қожахметовтің демеушілігімен 10 дана оттегі концентраторын бірқатар ауылдарымыздағы ауруханаларға сыйға тартылды, – деді Асхат Сайдахметұлы.


Аудан басшысы соның 3 данасын Тұғыл ауруханасының ұжымына тапсыру рәсіміне қатысқандығын жеткізді.