Тарбағатай ауданының құтқарушылары өзеннің арғы бетінде қалған тұрғындарды қауіпсіз жерге көшірді

588
көрілім
Фотосурет - ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен

Тарбағатай №59 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өзеннің арғы бетінде қалған тұрғындарды құтқарды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тіркемесі бар трактор Карғыба өзені арқылы Есім ауылдық округіне қарай жол тартқан. Ені 35 метрлік өзенде трактор тіркемесімен бірге батып қалады. Амалы құрыған азаматтар тереңдігі 1 метрге жуық мұздай суға түсіп, өзеннің арғы бетіне дейін жүзіп өткен.

– Есім ауылы — шалғайда орналасқан елдімекен. Жақын маңда ешқандай бөлімшелер жоқ. Біз адамдарға өзеннің бергі бетіне өтуге жәрдемдестік. Барлығының киімдері малмандай су, кейбіреулері жаурай бастапты, – дейді Тарбағатай аудандық №59 өрт сөндіру бөлімінің басшысы Бақытбек Нұрғалиев.

Өрт сөндірушілер арнайы техникаларды қолданып, 25 адамды құтқарған. Зардап шеккендер Есім ауылынан 30 шақырым жердегі елді мекенге жеткізілді.