Тарбағатай ауданының сауда орындары мен базарларында дезинфекциялық шаралар жүргізілуде

407
көрілім

Аудан әкімі Серікқазы Садуақасов коронавируске қатысты қолға алынуы тиіс жұмыстар жөнінде нақты тапсырмалар беруде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Көпшілік жиналатын орындарда дезинфекция жұмыстарын жүргізуге бекінген мекеме де анықталды. Аудан әкімінің әлеуметтік желідегі парақшасында аталмыш шара наурыз айының 15-нен бастап қолға алынғанын байқауға болады.

– Аудандағы барлық сауда дүкендері мен базар, мейрамхана қожайындары «Дез жұмыстары» ЖШС келісімшартқа отырып, тиісті шараларды бастап та кеткен. Сондай-ақ республиканың басқа аумағынан қатынайтын қоғамдық автокөліктерге дезинфекция жасаған адамдардың өздері медициналық бақылауға алынады, – дейді аудан әкімі.