Тарбағатай ауданының тұрғыны магистратура дипломын сатып алмақ болып алданып қалған

737
көрілім

Семей қаласында магистратура дипломын сатумен айналысқан алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Аудандық полиция бөліміне 37 жастағы Тарбағатай ауданының тұрғыны хабарласып 2017 жылы «магистратура дипломын алып беремін» деп сендірген азаматшаның алдап кеткенін айтқан. Жәбірленушіні тұзаққа түсірген алаяқ 1 500 000 теңгесін иеленіп сан соқтырып кеткен.
– Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің жеке мәліметтері анықталды. Осы тектес қылмыстармен бұрын да істі болған 36 жастағы қала тұрғыны кінәсін мойындады. Алдау жолымен қолына түсірген қаржыны жұмсап үлгерген, – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Данияр ЗАЙНЕЛОВ