Тарбағатай ауданының тұрғыны заңсыз түрде қорасында мылтық сақтап келген

322
көрілім
Шартты сурет.

«Учаске» және «Браконьер» жедел алдын алу шаралары барысында тарбағатайлық азаматқа қатысты тергеу жүруде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

38 жастағы Қызыл-Кесік ауылының тұрғыны қорасында 1962 жылы жасалған ойық ұңғылы мылтықты тығып ұстап келген. Үй маңында заңсыз сақтаған қару ТОЗ-16 модельді, калибрі 5,6 мм, аңшы мылтығы екендігі анықталды. Онымен қоса атуға жарамды болып шықты.

Ер адамға қатысты мылтық пен оқ-дәріні заңсыз сақтағаны үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.