Тарбағатай өңірінде өткен аудандық спартакиадаға мыңға жуық спортшы қатысты

1264
көрілім

Жақында Ақжар ауылында аудан әкімінің жүлдесі үшін ХХІ-халықтық спорт ойындары өткізілді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Аудандық әкімнің ресми сайтының ақпаратына сәйкес, Тарбағатай ауданы бойынша барлық ауылдық округтерден 17-команда және 1000 жуық спортшылар қазақша күрес, қол күрес, стол теннисі, ұлттық ат спорт түрлері (бәйге 3,2-шқ, 15-шқ, 25-шқ, көкпар) дойбы, шахматтан, тоғызқұмалақ жалпы спорттың 15 түрінен қатысты.

Аудан әкімінің жүлдесі үшін ХХІ халықтық спорт ойындарының қорытындысы

 

Ауылдық округтерінің командалары Ұпай Орын
1 Ақжар ауылдық округі 307 І
2 Ақсуат ауылдық округі 247 ІІ
3 Көкжыра ауылдық округі 206 ІІІ
4 Екпін ауылдық округі 204 ІV
5 Жаңаауыл ауылдық округі 200 V
6 Қабанбай ауылдық округі 188
7 Маңырақ ауылдық округі 186 VІІ
8 Жетіарал ауылдық округі 184 VІІІ
9 Тұғыл ауылдық округі 168 ІХ
10 Құйған ауылдық округі 153 Х
11 Қарасу ауылдық округі 143 ХІ
12 Құмкөл ауылдық округі 129 ХІІ
13 Қызыл – Кесік ауылдық округі 113 ХІІІ
14 Кіндікті ауылдық округі 106 ХІV
15 Ойшілік ауылдық округі 105 ХV
16 Жантікей ауылдық округі 96 ХVІ
17 Сатпаев ауылдық округі 89 ХVІІ