Тарбағатайлық баланың еміне қомақты қаржы қажет

11208
көрілім

Бес жасар тарбағатайлық Асанәлі Серіковтің еміне қомақты қаржы қажет, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анасы Арайгүл Елдосованың сөзінше, бауыр еті баласының жағдайы күрт нашарламай тұрғанда алғыр, ұғымтал болып өсіп келе жатқан. Бәрінен бұрын сурет салуға деген ықыласы ерекше-тұғын. Дегенмен небәрі бес жастағы жеткіншекке дәрігерлер қойған диагноздан соң анасы мен жақындарынан маза кетіп, оңалту үшін қаржы іздестірудің қамына кіріскен.
– Балам былтыр пневмониямен ауруханаға түсіп, жағдайы күрт нашарлады. Шапқылап, алаңсыз ойнап жүргенде бұлай болады деп ешкім де ойламады. Ауруханада жатқанда бесінші күні халі нашарлап, комаға түсті. Одан кейін бір айдай есін жия алмай, ем алып жатқанда дәрігерлер вегетативті ахуал деген қорытындыға келген. Содан бері бір жыл өтті, ұлымның жағдайы әлі өзгеріссіз, – дейді анасы Арайгүл Елдосова.


Өкініштісі сол, республика көлеміндегі ауруханалар арманы асқақ балақайға ем-дом жасауға құлшыныс білдірмей, өтініштерінен бас тартқан. Анасының айтуынша, Асанәлі сурет салудан бөлек, өлең оқып, билегенді де жаны сүйеді. «Өскенде полиция қызметкері боламын» деген сөзінен-ақ Тарбағатай ауданы Жамбыл ауылы тумасының мақсаты айқын екендігін аңғару қиын емес.


Иә үміт жоқ емес. Қазіргі уақытта науқас баланы түрік дәрігерлері қарап, қабылдауға әзір. Ол жақтағылар Асанәлінің еміне ғана 21835 доллар қажет екендігін айтқан. Бұл жерде жол шығыны мен жататын орын есептелмеген.
Бәрі де мүмкін. Үмітін ескек, сенімін желкен еткен балақай аяққа тұрып, арманына ешкім де кедергі болмаса дейміз.
 Арайгүл Елдосоваға қолұшын беремін дегендер әлеуметтік желіде ашылған жинаққа ақша аудара алады.

Kaspi Gold нөмірі: 8-778-739-16-89;
Kaspi-терминал (Gold): ИИН 890 501 401 170;
Халық банк: 5354 5100 7026 6647;
Сбербанк: 4263 4333 0658 5545;
Кz34914СР39834752711;
QIWI-кошелек: 8-778-739-16-89.