Тарбағатайлық оқушы ҰБТ-дан 138 балл жинады

382
көрілім
Фотосурет shygys_bilim_basqarmasy парақшасынан

Ресми мәлімет облыстық білім басқармасының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі
Мәлім болғандай, облыс бойынша бүгінгі таңда ең жоғарғы балл жинаған үміткер Тарбағатай ауданындағы «Құйған орта мектебі» КММ оқушысы Тинибаева Ерке Әсетқызы.
- Ұлттық бірыңғай тестілеуден 138 балл жинап облыс бойынша үздік нәтиже көрсетті. ҰБТ қорытындысы бойынша география пәнінен 50 балдан 50 балл жинаған. Ерке Әсетқызын құттықтай отыра жеңіл және жарқын жол, сәттілік, барлық жоспары орындалсын деп тілейміз! - делінген ақпаратта.
Әділхан ЕСІМХАНОВ